ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ (ЖЖФЗ), Тараз қ.
ЖЖФЗ филиалы – Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнім шығаратын химия зауыты.Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар.
Кәсіпорын құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:
- үш АКМ-312 агломашинасы бар агломерат өндірісі;
- құрамына әрқайсысының қуаты 80 МВт төрт РКЗ-80Ф-И1 іспетті рудатермиялық электр пештері кіретін 1 блокты сары фосфор өндірісі ;
- екі технологиялық желісі бар термиялық фосфор қышқылы өндірісі ;
- төрт технологиялық желісі бар натрий үшполифосфаты өндірісі ;
- екі технологиялық желісі бар фосфор тұздары (калий үшполифосфаты, калий-натрий үшполифосфаты, үшнатрий фосфаты) өндірісі;
- тағамдық натрий үшполифосфаты мен тағамдық ортофосфор қышқылын шығару .
Кәсіпорында әлемдік тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды фосфор шикізатының агломераттанған ұнтағынан алу технологиясы енгізілген. Филиал баяу гидратталатын НҮПФ шығаруды игерді. Сары фосфорды өндіру кезінде пеште балқыған өнімдер – қож бен феррофосфор пайда болады. Зауытта отандық металлургияда кеңінен пайдаланылатын және басқа елдерге шығарылатын феррофосфордың төрт түрі өндіріледі. Бұл қорытпалар сапасы саланың көптеген басқа зауыттарында өндірілетін өнімдерге қарағанда анағұрлым жоғары.
Фосфор мен оның қосылыстары халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылады: сіріңке өндірісінде, шойын мен құрышқа қосу үшін металлургияда, мата, пластмасса, ағашқа отқа қарсы төзімділік беру үшін химия өнеркәсібінде, бұрғы сұйықтықтарын, тіс пастасын, көптеген тағамдық және фармацевтикалық препараттар алу үшін қолданылады. Фосфор қосылыстары фосфорорганикалық қосылыстар (тиофос, карбофос, т.б.) өндірісінде де үлкен қолданысқа ие.
ЖЖФЗ филиалында шығарылған сары фосфор жоғары сапасы үшін беделді халықаралық жүлделермен марапатталды:
- «Алтын Арка» - Испанияның кәсіпшілері мен бизнесмендері Ассоциациясынан;
- «Гауһар Жұлдыз» - Мексикадан.
Сары фосфор Шығыс және батыс Еуропаның бәсекелестігі жоғары рыногына, сондай-ақ Ресейге шығарылады.
Компания натрий үшполифосфаты рыногында Ресей, Украина, Молдова, Иран және Қазақстандағы барлық негізгі деген синтетикалық жуу құралдарын шығарушы өндірістер үшін өнім өткеруші озық компаниялардың бірі болып табылады.