«Минералды тыңайтқыштар» ТАРАЗ ФИЛИАЛЫ, Тараз қ.
«Минералды тыңайтқыштар» филиалы – ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, фтордан арылған азықтық фосфаттар шығаратын химия зауыты.
Зауыт аумағы 449,2 гектар.Зауыт құрамында келесі негізгі өндірістер бар:
- азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі – 46% P2O5, 10% N аммофос (ди- және моноаммонийфосфат қоспасы);
- 19% P2O5 суперфосфат өндірісі ;
- 22% P2O5, 22% N нитроаммофос өндірісі ;
- 27% P2O5 азықтық үшкальций фосфаты, 37% P2O5 азықтық үшкальций фосфаты өндірісі.
Зауытта жаңа технологиялық жабдықтар, химиялық технологиялар сынақтан өтеді, минералды тыңайтқыштардың жаңа түрлері игеріледі.
Өндірілген өнімнің негізгі бөлігі ішкі рынокқа шығарылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мемлекеттік Бағдарлама бойынша бөлінетін демеу қаржыға тыңайтқыштар беріледі. Тыңайтқыштар бұдан басқа Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстанға сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар рыногын игеру жолында ауқымды жұмыс атқарылуда.