«ТЕМІРЖОЛ-КӨЛІК КЕШЕНІ» ФИЛИАЛЫ, Тараз қ.
«Қазфосфат» ЖШС «ТКК» филиалы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдайды, компания филиалдары бойынша, сонымен қатар Тараз қаласының өнеркәсіп аймағында орналасқан
кәсіпорындар арасында да тасымал қызметін көрсетеді.
Тараз қаласының өнеркәсіп аймағындағы теміржолдың жалпы ұзындығы – 128,1 км, Жаңатас қаласының өнеркәсіп аймағындағы айналма ұзындығы – 166 км.
Кешен құрамында ТЭМ және ТГМ іспетті 30 локомотив бар. Жалпы вагон паркі 931 бірлікті құрайды, атап айтқанда:
- сары фосфор тасымалдауға арналған 382 теміржол цистернасы;
- фосфор қышқылын тасымалдауға арналған 44 теміржол цистернасы;
- фосфор шикізатын тасымалдауға арналған 331 теміржол сыйымдылығы мен 174 басқа сыйымдылықтар.
«Қазфосфат» ЖШС «ТКК» филиалы Жамбыл облысындағы химия зауыттарының жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын фосфорит рудасын, сары фосфорды, минералды тыңайтқыштарды және химия кәсіпорындарының басқа да жүктерін тасымалдау көлемін біршама арттыруға әкелген Қаратау-Жамбыл аумақтық өндірістік кешенінің қарқынды дамуына байланысты құрылды.

Кәсіпорын өндірістік процестерді автоматтандыру мәселесін шешті – нұсқарлар мен дабылдардың электрлі орталығын құрды. Кәсіпорын еңбеккерлерінің күшімен дауыс күшейткішпен хабар тарататын парк байланысын, маневрлі радио байланысын орнатты. Олар қазір де сәтімен пайдаланылуда. Электрлі дабыл орнату кәсіпорын жұмысының қызмет ету көрсеткішін біршама жоғарылатуға мүмкіндік жасады.
Қазіргі таңда кәсіпорын игілігінде магистралды көлік жолына шыға алатын үш станса бар: Зауыттық, Химпромдық, Фосфорлық. Бұл стансалар «Қазақстан Темір Жолының» төрт стансасы – Аса, Шайқорық (Тараз қ.), Қаратау, Жаңатас (өнеркәсіп аймағы) стансалары бойынша магистралды көлікпен түйіседі.
Барлық стансалар электрлі нұсқарлар мен дабылдар орталығымен, дауыс күшейткіш байланыс жүйесімен жабдықталған.
Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС «ТКК» филиалы – еңбек процестерінің көпшілігі механикаландырылған және автоматтандырылған, қуатты техникалық потенциалы мен еңбекке қабілетті тұрақты ұжымы бар жаңа үлгідегі көлік ұжымы.