Компания қызметі үш негізгі бағытта жұмыс істеуде және дамуда:
1. Геологиялық барлау жұмыстары, фосфорит рудасын шығару және өндеу, ұсақталған және майда тартылған фосфор шикізатын, басқа да өнімдер (кварцит, доломит, мәрмәр) шығару. Майда тартылған, ұсақталған фосфор шикізатын және доломит пен мәрмәрді сату.
2. Сары фосфор мен оның туындыларын өндіру және сату.
3. Фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттар шығару және сату.
