КАЗ | РУС | ENG
На главную Обраная связь Поиск по сайту
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI
ПРОДУКЦИЯСЫ
ҚАЙЫРА ХАБАР АЛМАСУ
Компания туралы | Біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз | Құндылық жүйесі | Сапа саласындағы саясат | Кәсiпорын құрылымы
«Казфосфат» ЖШС

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдың 27 қазанында құрылған.

 Компанияның бас офисы Қазақстан Ресаспубликы, Алматы қаласы, Самал 1 ықшамауданы 1А, (Достык даңғылы, Сатпаев көшесінің қиылысы).

 

 

Компания негізгі қызметін Жамбыл облысында жүргізеді, компания филиалдарына нақты басшылықты Тараз қаласы, Абай көшесі, 126 үйдегі офис арқылы жүзеге асырады.

 Серіктестік өз құрамына келесі филиалдарды біріктіреді:
Жаңажамбыл фосфор зауыты, Тараз қ. ;
Минералды тыңайтқыштар зауыты, Тараз қ .;
«Қаратау» тау-кен өңдеу кешені», Жаңатас қ .;
«Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені», Қаратау қ.;
«Теміржол-көлік кешені», Тараз қ.;
• Химиялық зауыты, Степногор қ.;
• Шымкент филиалы (СЖҚЦ).



Компания қызметінің негізгі түрлері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және өткеру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару.

ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру жөнінен жетекші компания болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС - Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібінің шынайы бет-бейнесі.

«Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады.

Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.

«Қазфосфат» ЖШС-нің тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бюджетке қомақты қаржы аударуда, өнеркәсіпті жандандыруда, еңбекке жарамды халықтың көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуде, ал мұнымыз аймақтағы әлеуметтік ақуалды жақсартудың негізгі факторы болып табылады.

 



Өндірілген өнімнің сапасына және оның сервистік деңгейде өткерілуіне ерекше ден қойған компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен дұрыс таңдаған стратегиясы, сондай-ақ өндірістің даму қарқыны «Қазфосфат» ЖШС-н Қазақстандағы ең бір үміт күттіретін кәсіпорын деп санауға кепілдік береді.

 







Copyright © 2005 “Kazphosphate” LLC